03 наурыз 2017 19:29

Қытайда 5G байланысының әлемдегі ең ірі желісі пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Daily Mail © Daily Mail

Бейжіңде 5G стандарттағы ұялы байланыстың әлемдегі ең ірі сынама желісі құрылды, - деп хабарлайды Синьхуа агенттігі елдің Өндіріс және ақпараттандыру министрілгіне сілтеме жасап. 


Бейжіңде 5G стандарттағы ұялы байланыстың әлемдегі ең ірі сынама желісі құрылды, - деп хабарлайды Синьхуа агенттігі елдің Өндіріс және ақпараттандыру министрілгіне сілтеме жасап. 

Желі ел астанасының Хуайжоу ауданында құрылды. Оны жасауға Қытайдың және шетелдің жетекші мамандары тартылды. Олар терминалдарды тестілеуге қажетті жағдай жасаумен айналысуда. 

Мұның алдында 5G байланыс технологиясын жасаушы топ басшысы және China Mobile компаниясының технология бөлімінің бас директоры Ван Сяоюнь 5G сынама желісі жобасын жүзеге асыруға Huawei, Nokia, ZTE, Ericsson, Intel және DTT компаниялары ат салысатынын мәлімдеген. Ол 5G технологиясын жасау мен сынақтан өткізудің алғашқы кезеңі аяқталып, мамандар екінші кезеңге көшкенін айтады.

Мұның алдында Қытай билігі 2020 жылға дейін телекоммуникация саласындағы қызмет пен бағдарламалық қамсыздандыру бойынша табысты 8 триллион юаньға (1,2 триллоин долларға жуық) арттыруды жоспарлап отырғаны белгілі болған. Сонымен қатар, 2018 жылы елде 4G жылдамдықтағы байланыс түрімен қамтамассыз ететін екі миллион ұялы байланыс станциясы салынатыны да хабарланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети