24 тамыз 2015 15:12

Мамандар қазақстандық GTA ойынын жасап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

MadOut ойынын құрастырушы қазақстандық мамандар Grand Theft Auto (GTA) ойынының аналогын жасауға кірісті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Nuligine командасы мүшелерінің бірі Владислав Иванчук айтып берді.


MadOut ойынын құрастырушы қазақстандық мамандар Grand Theft Auto (GTA) ойынының аналогын жасауға кірісті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Nuligine командасы мүшелерінің бірі Владислав Иванчук айтып берді.

Жаңа жобаның негізіне авторлар бірнеше жыл бойы жасаған көлік жарысы ойыны алынды. Иванчуктің айтуынша, ойын әуелі персоналды компьютерлер үшін жасалған, жаңа iPhone шыққаннан кейін MadOut ойынын iOS және Android платформаларына сәйкес етіп шығару қолға алынды. Осыдан кейін ойынның компьютерге арналған Steam нұсқасы шықты. Ойын 100 мың рет жүктелген. Ол АҚШ, Еуропа, Ресей мен Украинада танымал бола бастады.

MadOut ойынының тизері

Ойында қолданушы өзін жарыс алаңында жүргендей сезіне алады. Ойыншыларға қарсыластарына шабуылдап, автомобиль мен қару ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған. Айта кетейік, сарапшылар ойынның графикасы мен физикалық нысандарына жоғары баға берді. Дегенмен кейбірі ойынның бірсарындылығы үшін көңілі толмағандарын жеткізген.

Иванчуктің айтуынша, осыған орай MadOut ойынын Action жанрындағы GTA ойынына ұқсас етіп шығаруға шешім қабылданған. Ойын туралы толық ақпарат айтылмады. Дегенмен оның эскиздері ұсынылды.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети