1. Басты
  2. Біл
  3. Ғаламтор

Mamba.ru және Mail.ru сайттарынан заңсыз материалдарды жою талап етілді

©pixabay.com ©pixabay.com

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Mamba.ru сайтының қолданушылары "көріскен жағдайда ұрады" деген қолданушының шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам "ұятсыз видеотрансляцияларға" шағымданып, шара қолдануын сұраған. Өз кезегінде министр сайтқа мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты. 

"Интернет-ресурстарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайларда ғана шектеу шарасы қолданылады. Министрліктегілер мониторинг жүргізіп, нәтижесінде https://www.mamba.ru және https://love.mail.ru ғаламтор ресурстарында ҚР заңнамасы бойынша талаптар сақталмаған материалды анықтады. Министрлік  аталмыш ғаламтор-ресурс атына ресми ескерту хатын жіберіп, Қазақстан Республикасы аймағынан қолданушыларына шектеу немесе мүлдем жойып тастауды талап еткен", - деп хабарлады ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев. 

Оның айтуынша, ескерту хатын Mamba.ru және Mail.ru ғаламтор-ресурстарын әкімшілігі қарастырып жатыр.