10 сәуір 2015 | 11:59

Марк Цукерберг Панама тұрғындарын тегін Интернетпен қамтуға уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@REUTERS @REUTERS

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг Панама тұрғындарын тегін ғаламтор желісімен қамтамасыз етемін деп уәде берді, - деп хабарлайлы РИА Новости.


Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг Панама тұрғындарын тегін ғаламтор желісімен қамтамасыз етемін деп уәде берді, - деп хабарлайлы РИА Новости.

"Біз алдағы апталарда Панамада президент әкімшілігімен бірге Internet.org жобасын іске қосатынымыз үшін қуаныштымыз", - деді Марк Цукерберг Панамадағы Америка Саммитінің ашылуындағы кәсіпкерлер форумында.

Марк Цукерберг жоба арқасында панамалықтар денсаулық, қауіпсіздік, транспорт пен білім жөніндегі ақпараттарды алу үшін ғаламторға тегін кіре алатынын атап айтты. Оның айтуынша, жобаны іске асыруға 2-3 жыл уақыт кеткен және бұл бастама Африка, Гватамела мен Колумбияда да қолға алынып жатыр.

Еске сала кетейік, Марк Цукерберг чат арқылы ғаламторды бағындыруға дайындалып жатыр. Белгілі болғандай, әлеуметтік желі Messenger чат-тұтынушыларын платформаға ауыстыратыны жөнінде айтқан. Енді әзірлеушілер ол үшін арнай қосымша жасай алады. Сарапшылардың айтуынша, әлемдегі ең ауқымды әлеуметтік желі Apple және Google компанияларын бәскеге түсуге итермелейтін болады..

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети