13 наурыз 2014 15:58

Мемлекеттік сатып алулар сайты DDoS-шабуылға ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Goszakup.gov.kz ©Goszakup.gov.kz

ҚР Мемлекеттік сатып алулар сайты DDoS-шабуылға ұшырады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сайтқа сілтеме жасап. "Электрондық мемлекеттік сатып алудың веб-порталына жасалған DDoS-шабуылдарға байланысты "Конкурс және аукцион", "Баға ұсыныстары" модульдері, сондай-ақ сыртқы сайт кей кезде қолжетімсіз болады", - делінген Мемлекеттік сатып алулар сайтында. Ресурстың өзі біраз уақыт ашылмай тұрды. Сонымен бірге, "Конкурс және аукцион" модулінде 2014 жылғы 12 наурызға түсетін сатып алудың, сондай-ақ "Конкурс" және "Аукцион" тәсілі бойынша өтінім қабылдауды аяқтау мерзімдерінің, қорытындыларды ашу, рұқсат ету және шығару рәсімдерінің 2014 жылғы 13 наурызға автоматты түрде ауыстырылатыны хабарланған. Қазақстанның мемлекеттік сатып алулар сайты - мемлекеттік сатып алулар саласында электрондық қызметтерге бірыңғай қолжетімділікті ұсынатын және оған тапсырыс берушінің, ұйымдастырушы мен жеткізушінің интернетке қосылған кез келген компьютерден кіріп қатысуына мүмкіндік беретін жүйе. Еске сала кетейік, мемлекеттік сатып алулар сайты бұдан бұрын да бірнеше рет хакерлік шабуылға ұшыраған. Мұнда Қызылорда облысы ауруханаларының бірінің атынан хабарландыру орнына бейәдеп сөздері бар өлең жарияланған болатын. 2012 жылы да порталда мазмұны ұят ұсыныс пайда болды. Бұл оқиғадан соң Қостанай облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері жұмыстан шығарылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети