Сарапшы әлеуметтік желілерге тәуелді адамның белгілерін атады

04 Ақпан, 10:03
0
© vk.com
© vk.com

Әлеуметтік желіде уақытын көп өткізетіндер өзін-өзі төмен бағалап, күйзеліске ұшырайды. Әсіресе жасөспірімдер мен балалар. Сондықтан ата-аналар балаларының мінез-құлқына назар аударуы керек, - деп жазады РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, 2017 жылы Германияда 12-17 жас аралығындағы 1000-нан аса жасөспірім мен бала арасында сауалнама жүргізілген. Қатысушылардың көбі әлеуметтік желілерге күнделікті 2,5-3 сағат жұмсайтындарын айтқан. Әрбір үшінші жасөспірім жаман ойлар ойламауы үшін әлеуметтік желіде отырамыз десе, 14 пайызы әлеуметтік желісіз жүре алмайтындарын  айтқан. Ал 13 пайызы Интернет болмаса, өздерін бақытсыз сезінетіндерін мәлімдеген.

"Әлеуметтік желі тәуелділікке айналып кетуі мүмкін. Адам ол кезде "онлайн" болмаса, мазасызданып, өзін қоярға жер таппайды. Бала күніне 2 сағаттан аса уақыт Интернетте отырса, ата-аналарына дабыл қағу керек. Себебі мұндай жағдайда бала қоршаған адамдардан алшақтауға тырысып, енжар болады", - дейді медицина ғылымдарының докторы, психиатр Ирис Хаут (Iris Hauth).

Сондай-ақ, дәрігер әлеуметтік желілерге тәуелді адамдардың уақыт өте келе өзін-өзі төмен бағалайтынын және сенімсіз болатынын айтады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай