Skype-тың қазақстандық қолданушыларына қатерлі вирус туралы ескерту жасалды

17 Шілде 2015, 11:29
0
Skype-тың қазақстандық қолданушыларына қатерлі вирус туралы ескерту жасалды -  ©Tengrinews.kz иллюстрациясы
©Tengrinews.kz иллюстрациясы

Қазақстандық қолданушылар әлеуметтік желілерде Skype арқылы таралып жатыр делінген қауіпті вирус туралы мәліметті белсенді түрде бөлісіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таралып жатқан хабарламада Skype-та ivchetoo 225 және ivchetoo 05 атты байланысты қабылдамау кеңес етіледі, себебі, бұл аккаунттар компьютерлердің аппарат бөліміне, яғни қатты дискіне зиян келтіреді делініп жатыр. 

"Открытка" деп басталатын хабарламаны сізге кім жіберсе де ашпау керек. Бұл вирус, ол компьютердің қатты дискін "жандыратын" хабарламаны ашады. (...) Бұл CNN жария еткен ең жаман вирус. Оны Microsoft ең қатерлі вирустар қатарына жатқызды", - делінген хабарламада. Мұндай ескертулердің Интернеттің орыс тілді сегментінде 2014 жылдың соңында пайда болған еді, таяуда бұл хабарлама Қазақстанда да таралды.

"Лаборатория Касперского" өкілдері мұндай вирустар мен шабуылдар туралы және онымен байланысты қандай да бір мәліметті білмейтінін хабарлады. Сонымен қатар, компания мамандары бүгінде қатты дискті істен шығаратын вирустың жоқ екенін айтып отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай