24 наурыз 2022 14:06

Спортшы емес. Талдықорғанда 280 келі түйе көтерген ер адам кім?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Абзал Нұртаевтың жеке мұрағатына. Коллаж: Tengrinews.kz Сурет: Абзал Нұртаевтың жеке мұрағатына. Коллаж: Tengrinews.kz

Талдықорғанда 280 келі түйені көтерген ер адам жұртты таңғалдырды. Оның видеосы қазір түрлі топта тарап жатыр. Төрт түлік малды көтерген батыр жігіт - 26 жастағы Абзал Нұртаев болып шықты. Ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында өзі және өткен іс-шара туралы айтып берді. 


Талдықорғанда 280 келі түйені көтерген ер адам жұртты таңғалдырды. Оның видеосы қазір түрлі топта тарап жатыр. Төрт түлік малды көтерген батыр жігіт - 26 жастағы Абзал Нұртаев болып шықты. Ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында өзі және өткен іс-шара туралы айтып берді. 

Талдықорғанда Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған іс-шара 21 наурызда болған. Бұл күні Абзал Нұртаев жұмыстан қайтып бара жатқан. Ол Қаратал ауданы бойынша Төтенше жағдай бөлімінің қызметкері. Өзі Алматы облысы Ескелді ауданы Бақтыбай Жолбарысұлы ауылында тұрады. 

"Осындай жарыс болатынын бір күн бұрын WhatsАpp-тан білдім. Түйені кім ұзақ көтерсе, сол алып кетеді деген. Жастар саябағына сағат 10-ға шақырған, мен жұмыстан соң 10 жарымға қарай бардым. Ұтам деп бармадым, бағымды сынап көргім келді", - дейді Абзал. 

Абзал жарысқа дайындықсыз барғанын да айтты. Десе де бұл оның алып түйені көтеруіне кедергі келтірмеді. Ер адам бірінші орын алмаса да, осындай нәтиже көрсете алғанына риза. 

"Шамамен, 60-70 метрдей көтеріп жүрдік. Дайындықсыз барған соң әрине, бел ауырады. Өзім мектеп кезінде күреске қатыстым, қазір атқа мінемін, көкпарға әуестенемін, өзім үшін жаттығамын", - дейді ол.  

Абзал Нұртаев түйе шынымен, қанша келі екенін білмейтінін айтты.

"Басында халық 240 келі деді, кейін 280 деді. Біреулер 300-ге барады деді", - дейді ол.   

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нуртаев Абзал (@nurtaev_abzal)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети