12 маусым 2015 07:42

Twitter басшысы Дик Костоло отставкаға кетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дик Костоло. ©ntv.ru Дик Костоло. ©ntv.ru

Twitter бас директоры Дик Костоло отставкаға кетуді ұйғарды. Ол өз қызметінен 1 шілдеде кетеді, алайда компанияның директорлар кеңесіндегі орынтағын босатпайды. Бұл туралы Twitter микроблогында хабарланды, - деп жазады Lenta.ru. Оның орнына Джек Дорси келетін болды.

"Twitter командасымен және барлығымен мақтанамын, себебі бұл команда компанияда қызмет еткен алты жылымда көптеген жетістікке жетті. Бізде мақсаттар мен басымдықтың нақты стратегиясы бар", - делінген Косталоның мәлімдемесінде. Дорсиге қатысты сөзінде ол "Twitter басшылығына өтпелі кезеңде лайықты адам" болатынын айтты.

Twitter микроблогтар сервисінің негізі 2006 жылы қаланды, компанияның штаб-пәтері Сан-Францискода (Калифорния штаты). Дик Костоло компанияға 2009 жылдың қыркүйек айында келген болатын, бір ай өткеннен кейін ол операциялық директор қызметіне ауысты. 2010 жылы Эван Уильямстың орнына компания басшысы болып тағайындалды. Ал Джек Норси болса Twitter желісін жасап шыққан адамдардың бірі, ол компанияны 2008 жылға дейін басқарды. Бұл компаниядан кеткен ол Square атты интернет-төлемдер сервисін іске қосқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети