13 сәуір 2018 12:09

Ұлыбританиялықтар қазақстандық аруларға баға берді. Сауалнама нәтижесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Danny Y. есімді блогер Шотландияның Глазго қаласының тұрғындарына "Қазақстан аруы" сұлулық байқауының жеңімпаздарының суреттері мен Корея, Жапония, Қытай мен Үндістанның аруларының суреттерін көрсетіп, тұрғындардан ең әдемі қызды таңдап беруін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Автор видеоны YouTube хостингіндегі арнасында жариялады.

"Мен 4-нөмірдегі қызды таңдаймын. Күлкісі әдемі, тамаша қыз", - дейді Шотландия тұрғыны.  Ол қыздың Үндістан өкілі екені анықталды.

"Қыздардың барлығы әдемі. Біреуін таңдау керек пе? Маған барлығы ұнайды. 15-нөмірдегі қызды таңдайын. Ол Жапониядан ба? (...) Мен ешқашан Қазақстанда болған емеспін, бірақ сіздердің ел жайлы газеттерден көріп қаламын", - дейді ер адам.

"8-нөмірдегі қызды таңдаймын. Ерекше сұлу. Басқаларына ұқсамайды. Бұл менің жеке пікірім", - дейді тұрғындардың бірі қазақстандық қыз жайлы.

Блогер Danny Y. сауалнаманы қорытындылай келе "Жалпы үш адам үнді қызына дауыс берді, ал қазақстандық қыз екі дауыс жинады. Меніңше, қазақтың қыздары ең әдемі" дейді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети