04 тамыз 2015 21:41

"ВКонтакте" желісі әлем бойынша істемей тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ВКонтакте" желісі әлем бойынша істемей тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"ВКонтакте" желісі әлем бойынша істемей тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі Астана уақыты бойынша 19.50-де істен шықты. Сонымен қатар, "ВКонтакте" желісінің веб-нұсқасы да, түрлі платформалардағы ұялы қосымшалары да істеп тұрған жоқ.

"ВКонтакте" баспасөз хатшысы Георгий Лубошкин оқиға жайлы Twitter желісінде пікір білдірді. "ВКонтакте" желісі әлем бойынша істемей тұр. Себебін анықтап жатырмыз. Жөндеу бригадасы орнында, жұмысқа кірісіп кетті", - деді ол.

Кейін ол "ВКонтакте" желісінің істен шығуы әлеуметтік желілердің дата-орталықтарының арасындағы кабельдердің жарылысынан болғанын хабарлады. "Себебін анықтап жатырмыз және сайтты резерв кестесінде көтеріп жатырмыз", - деді ол.

Еске салайық, "ВКонтакте" әлеуметтік желісі соңғы рет 31 шілдеде байланыстан ажыраған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети