01 ақпан 2020 09:40

1 ақпанда ауа райы қандай болады?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің басым бөлігінде 1 ақпанда ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батысы атмосфералық фронттар аймағына түспек. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыс пен солтүстік-батыста жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді, күндіз екпіні секундына 27 метрге дейін жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында түнде желдің екпіні секундына секундына 18 метрге жетеді.

Нұр-Сұлтанда күн желсіз, бұлтты, күндіз ауа температурасы 14 градус аяз.

Алматыда күн ашық, күндіз 8 градус аяз болады.

Шымкентте күндіз 1 градус нөлден жоғары, аздаған жел мен көшпелі бұлт болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети