01 мамыр 2014 14:32

1 Мамыр мерекесінiң Қазақстанда тойлану тарихы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Ярослав Радловский Фото ©Ярослав Радловский

Бүгін еліміз бүтіндей Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтіп жатыр. Бұл мереке барлық қазақстандық этнос өкілдерінің достығы мен өзара түсіністігін әлемге паш етеді. Қазақстан халқының бірлігі күні - өз достарыңыздан оның ұлтының тарихы мен салт-дәстүрін көбірек білуге, сондай-ақ әр ел азаматы үшін өз мәдениетінің қайнар бұлағына оралып, ұлттық әдет-ғұрыптарын еске түсіруіне таптырмас сәт.

1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы бұйрыққа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылдың 18 қазанында қол қойды. Бұған дейін, кеңестік кезеңде, мемлекет еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастығы күнін тойлап келген. Ол кезде 1 мамырда халық жаппай шеруге шығып, әскери парадтар өтетін. Адамдар еңбектегі табысы мен жетістігін жария етуге ұмтылатын.

Мейрамның екінші күні, тәртіпке сай, "көкке" шығып, мейрамды табиғат аясында жалғастыратын.

Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күнін тойлау туралы шешімді Чикаго жұмысшыларының бас көтеруін еске алу мақсатында Париждің Интернационалдар конгресіне қатысушылар 1889 жылдың шілдесінде қабылдаған. 1886 жылдың 1 мамырында АҚШ-тың жұмысшылары жұмыс күнін 8 сағат деп белгілеуді талап етіп, көтеріліс ұйымдастырған. Еске сала кетелік, бүгіндері Қазақстанда еңбек күні қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтеді.

Көптеген мемлекет үшін бұған дейін де, қазір де 1 мамыр көктем, жердің жаңғыруы мерекесі боп табылады. Мысалы, ежелгі кельттер осы күні Бельтайнды атап өткен. Бұл дата олар үшін малды жайлауға шығарумен байланысты боп келеді. Қазіргі Германия 1 мамырда табиғаттың жаңаруына байланысты Мамыр мерекесін атап өтеді. Ал Қазақстанда халықтың бірлігі күнін тойлаудың басты орны ел орталығы - Астана. "Қазақ елі" алаңында, 700-ден астам әртіс өнер көрсетуде. Жаппай мәдени іс-шаралар астананың этномәдени орталықтарында өткізіледі. Онда әр этнос өзінің салт-дәстүрі мен мәдениетін таныстырады. Мерекеге шамамен 10 мыңға жуық адам қатысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети