02 сәуір 2019 14:21

1 сәуірде Атаулы әлеуметтік көмек алуға 18 мыңнан аса адам өтініш берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pavlodarnews.kz © Pavlodarnews.kz

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттарды қабылдау басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттарды қабылдау басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АӘК тағайындау туралы өтініштер жұмыспен қамту орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ ауылдық әкімдіктерде қабылданады.

"Бірінші күні атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері бойынша кеңес алуға 18 137 адам жүгінген, оның ішінде 11 220 адам тиісті өтініш берді. Өтініш білдіргендердің басым бөлігі Алматы облысында - 2712, Қарағанды облысында - 2086, Түркістан облысында - 1800 тіркелді. Адамдар ең аз жүгінген Маңғыстау облысында - 70 адам", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар 40 805 отбасының деректерін жаңартты, оларға бұрын тағайындалған АӘК қайта есептеу жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының тапсырмаларын сапалы орындауды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері АӘК тағайындау және төлеу бойынша кеңес беруге өңірлерге барды. 

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек жүгінген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш беру күніне тәуелді емес екенін еске салады.

Еске салайық, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда биыл 1 сәуірден бастап АӘК көрсету өлшемі күнкөріс минимумынан 50 пайыздан 70 пайызға дейін өсіп, 20 789 теңге болды. Нәтижесінде жәрдемақы алушылар саны 571,6 мың адамнан 830 мың адамға дейін өседі. Бұл ретте, егер АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңге болса, сәуір айынан бастап әр балаға 20 789 теңге төленеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети