20 қазан 2016 13:51

100 нақты қадам жоспары шеңберінде Қазақстан МӘМС саласында Австриялық мамандармен тәжірибе алмасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ortcom.kz © ortcom.kz

Вена қаласында (Австрия) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов пен Австрияның инновация мен телекоммуникация Вице-министрі Андреас Райхардттың қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Австрия аралас жұмыс тобының 4-ші отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кездесу барысында тараптар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы мен олардың пайдалануға берілуі, Қазақстан мен Австрия медициналық университеттері арасындағы стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады.

Сонымен бірге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласында тәжірибе алмасу және медицниалық білім беру мен ғылым, фармацевтикалық сектордағы, электронды денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай жетілдіру бойынша келісімдер жасалды.

Кездесу соңында екі тараптың әрі қарай ынтымақтастығын жалғастыру туралы хаттамаға қол қойылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети