19 ақпан 2015 12:24

101 миллиард теңге дағдарысқа қарсы жаңа шараларға қайта бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Республикалық бюджеттен дағдарысқа қарсы шараларға 101 миллиард теңге қайта бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап. 


Республикалық бюджеттен дағдарысқа қарсы шараларға 101 миллиард теңге қайта бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Үкіметтің 11 ақпан күнгі кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын және Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің 2015 жылдың 16 ақпандағы шешімін ескере отырып, "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы жобасы шеңберінде 2015 жылы дағдарысқа қарсы жаңа шараларға 101 миллиард теңге бөлу ұсынылып отыр", - деді Досаев Парламент Мәжілісінде. 

Оның айтуынша, 2015 жылы Ұлттық қордан әлеуметтік инфрақұрылымға бөлінуі тиіс 30 миллиард теңгенің 17,3 миллиарды білім беру нысандары құрылысына, бірінші кезекте, үш ауысыммен оқытатын және құлағалы тұрған мектептерге жұмсалады. 12,7 миллиард теңге мектепке дейінгі білім ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс ұсынуға бағытталады.

"2016 жылы Ұлттық қордан шағын қаржы ұйымдары жобасын қосымша қаржыландыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғыртуға, автожолдар мен жалға берілетін тұрғын үй құрылысына қарастырылған қаражатты ауыстыру жолымен 71 миллиард теңгені мына мақсаттарға бағыттау: агроөнеркәсіп кешенін қолдауға - 20 миллиард теңге, "Бизнестің жол картасы - 2020" шеңберіндегі жобалардың инфрақұрылымын жүргізуге - 10 миллиард теңге, техникалық реттеуді дамыту арқылы ішкі нарықты қорғауға - 5 миллиард теңге, геологиялық барлау жүргізуге - 9 миллиард теңге, тұрғын үй құрылысын көбейтуге - 30 миллиард теңге - қарастырылып отыр", - деді министр. 

Досаев Ұлттық қордан бөлінетін, 2016 жылы кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға қарастырылған 100 миллиард теңге сомасындағы құнды қағаздар қарызын 2015 жылға 75 миллиард теңге сомасында ауыстыру ұсынылып отыр, оның 70 миллиарды облигация қарызы түрінде отандық автоөндірушілерді қолдауға, 10 миллиард теңгесі тікұшақтар өндірісіне, 5 миллиард теңгесі жолаушылар вагонын өндіруге, 35 миллиарды экспорттаушыларды қолдауға, тағы 5 миллиарды үлескерлік салымдарын кепілдендіру қорын капиталдандыруға жұмсалады. 

"2016 жылға қарастырылған соманың қалған 25 миллиард теңгесінің 15 миллиарды экспорттық және экспортқа дейінгі қаржыландыруға бағытталады, 10 миллиарды үлескерлік салымдарын кепілдендіру қорын қосымша капиталдандыруға жұмсалады. Сөйтіп, 2015 жылы Ұлттық қордан бөлінетін мақсатты трансферттердің көлемі қосымша 76 миллиард теңгеге ұлғайып, 783,5 миллиард теңге болады", - деді Досаев. 

Бұған қоса, министрдің айтуынша, Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің шешімімен және елдегі экономиканың кейін нашарлау қаупін ескере отырып, экономиканы ынталандыру жөніндегі екінші транштан Қайтарымсыз несиелер қорын қосымша капиталдандыруға қарастырылған 250 миллиард теңгені Үкіметтің резервіне қосу ұсынылып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети