04 шілде 2019 18:43

11 миллион қазақстандықтың деректері Интернетке тарап кеткен. Министр пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 11 миллион азаматының деректері Интернет желісінде тарап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығына сілтеме жасап.


Қазақстанның 11 миллион азаматының деректері Интернет желісінде тарап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың мәліметінше, өткен аптада КШТТО мамандары желіде жеке деректерінің жария болу дерегін анықтаған.

"11 миллион адамның толық ақпараты бар мәлімет еліміздің кәмелетке толған адамдары, олардың жеке мәліметі Интернет желісіне жалпы қолжетімділікте болды. Кез келген адам жүйеге еркін кіріп, оны өзіне толығымен жүктей алатын мүмкіндігі болған. Базадағы деректер жарты жыл бұрын жаңартылған. Жалпы ашық қалып қойған ақпараттың қанша уақыт тұрғаны әлі белгісіз, алайда оның барлық мазмұны Google және Yandex іздеу жүйелерімен индекстеліп үлгерді. Деректердің қандай жағдайда таралғаны анықталу үстінде", - деп хабарлады орталық өкілдері.

Сондай-ақ, КШТТО мамандары ақпараттың тиісті органдарға жіберілгенін және жақын арада нақтыланатынын айтып отыр. Қазіргі уақытта база жабық.

Кейінірек Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мұның өте маңызды мәселе екенін атап өтті. 

"Бүгін желіде азаматтардың жеке деректерін Интернетте тарату туралы ақпаратты көрдім. Өте маңызды мәселе. Ол ескі база ма, жоқ жаңа ма - бұл маңызды емес. Дереккөзі мен себептерін анықтауды тапсырдым. Құқық қорғау органдары осымен айналысады. Технологиялар дамуымен, дербес деректерге қол жеткізуді қорғау мәселесі бүкіл әлемдік қоғамдастықтың алдында өте өткір мәселе болып тұр. Коммерциялық, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзу сияқты көптеген жағдай болып жатыр. Сондықтан біз өз Комитетімізге дербес деректерді қорғау бойынша функцияларды (Еуропадағы Data Protection Agency-ке ұқсас) беру туралы мәселеге бастамашылық жасадық,ол дербес деректер өңделетін, оның ішінде азаматтардың шағымдары бойынша ақпараттық жүйелердің иелеріне тексеру жүргізеді. Сондай-ақ, дербес деректерді қорғау бойынша шаралар қолданбағаны үшін жауапкершілікті қатаңдатқымыз келеді. Әлемде мұндай шаралар қазір қабылданып жатыр", - деп пікір білдірді министр.

Айта кетейік, "Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы" 2015 жылы құрылған. Қызметі - кибер қылмыстың алдын алу және талдау, кибер оқиғалар және біздің елімізде ақпараттық қауіпсіздік инфрақұрылымын дамытуға шұғыл әрекет ету. Орталық ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейді, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік аудиті бойынша қызметтерді қамтамасыз етеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети