1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

12 000 теңге тұратын жарты қарбыз алматылықтарды таңғалдырды

froutonea.gr сайтынан алынған иллюстарциялық сурет froutonea.gr сайтынан алынған иллюстарциялық сурет

Алматыдағы гастраномдардың бірінде Испаниядан әкелінген қарбызды келісіне 4 800 теңгеден сатып жатыр. Құны 12 355 болатын жарты қарбыздың суреті Facebook желісінде жылдам таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"12 355 теңгеге жарты қарбызды кім алады? Бізге Испаниядан қарбыз әкелінеді екен. Бұл конкистадорлар негізін қалаған қарбыз алқаптарында пісіп, оларды испаниялық сұлулар Сьерра-де-Гуара оң беткейінен терген, ал Алматыға қарбыз үзілген күні бизнес-класспен жеткізілгеніне сенімдімін!", - деп жазды мысқылмен Андрей Мун Facebook желісінде. 

Қарбыздың бағасы Қазнет қолданушыларын қатты таңдандырды. Өйткені бұл өнімнің базардағы бағасы келісіне 35-40 теңге. 

"Мүмкін осы қарбызды сатып алу үшін кредит алармыз? А? Бір жылда екі есе бағасын өтейміз. 

"Бұл қарбызды расында бизнес-класспен әкелген сияқты ғой", 

Esentai Gourmet интернет-дүкені қарбыз бағасын келісіне 4 800 теңге деп көпрсетіпті. 

Сонымен қатар, гастраномда Тайландтан әкелінген қарбыз да сатылып жатыр. Оның келісі 5 200 теңге. 

Дүкенде қарбызбен қоса келісі 3 100-ден 7 600 теңгеге дейін жететін қауын сатып алуға болады. 

Гастраном әкімшілігі қазір сатылымда 100 грамы 480 теңге болатын испаниялық қарбыз ғана барын айтады. 

"Шілдеде біз Еуропадан қауын-қарбыз әкелдік. Бұл тасымал бағасына байланысты олардың құнын қымбат етеді. Сонымен қатар, біз өзбекстандық және жергілікті өндірушілермен келіссөз жүргіздік", - дейді Esentai Gourmet әкімшілігі.

Дүкен әкімшілігі жергілікті қарбыздарды сатуға дайын екенін, алайда, олар сапа бақылауынан өтпей жатқанын айтады.