10 қазан 2014 11:46

13 қазанда Астанада "қолжетімді баспанаға" құжат қабылдау басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Астанада 13 қазанда "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы шеңберінде "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ арқылы пәтер беруге құжаттарды қабылдау басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада 13 қазанда "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы шеңберінде "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ арқылы пәтер беруге құжаттарды қабылдау басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ бағыты бойынша Астанада 678 пәтер пайдалануға берілмек. Олардың 347-і - екі бөлмелі (жалға 43, сатылымға 304), 331-і үш бөлмелі (жалға 126, сатылымға 205). Қала тұрғындары құжаттарын 25 қазанға дейін тапсыра алады", - делінген хабарламада. 

Әкімдіктің мәліметінше, құжаттарды қабылдау "Жастар" сарайында (Республика даңғылы, 34) дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін және сенбі күні сағат 09.00-ден 13.00-ке дейін жүргізіледі.

"Бағдарламаның бұл бағыты бойынша Астана қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға жататын адамдар (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; оралмандар; экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; көп балалы отбасылар; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; толық емес отбасылар) қатыса алады", - делінген баспасөз парағында.

Ал Астанадағы коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін баспана кезегінде тұрған және ҚР заңнамасымен жалғыз пәтері апатты жағдайда деп танылған азаматтар бұл бағдарламаға қатыса алмайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети