Ақтөбелік 41 жастағы әйел жақында 14-ші баласын дүниеге алып келген болатын. Көпбалалы Новиковтар отбасының баспанасы жоқ болып шықты. Олар қазіргі уақытта кішкене үйді жалдап тұрады екен. Әйел адам жыл сайын әкімдіктердің табалдырығын тоздырып жүр, - деп хабарлайды "Актобе Таймс".
Ақтөбелік 41 жастағы әйел жақында 14-ші баласын дүниеге алып келген болатын. Көпбалалы Новиковтар отбасының баспанасы жоқ болып шықты. Олар қазіргі уақытта кішкене үйді жалдап тұрады екен. Әйел адам жыл сайын әкімдіктердің табалдырығын тоздырып жүр, - деп хабарлайды "Актобе Таймс".
Новиковтар баспана алу үшін кезекке 2010 жылы тұрыпты. Осы күнде олар кезекте 135-орында тұр. "Мен қаншама рет әкімдікке бардым, онда мені барлығы біледі. Барған сайын еститінім бір ғана нәрсе: кезек бойынша аласыз дегенді. Біздің үйде айналып жүретін жер жоқ. 25 тамызда қалалық әкімнің қабылдауында болдым. Үйге келгенімде толғақтар басталды. Менімен 10 балам тұрады. Мен уақытша баспанаға да келісем. Үш бөлмелі пәтер сұрағанмын. Маған әкімдіктердің айтқаны - тегін ештеңе берілмейді, тек несиеге 20 миллионға (шамамен 58 мың доллар) аласыз. Сонымен қатар менің естігенім: егер тұратын жерің болмаса неге босанасың. Осындай сөздерден кейін мен ештеңе сұрағым келмейді. "Кезекте тағы екі-үш жыл шыдауға шамамыз келеді деп ойлаймын", - деді Әлия.
Құрашасайлық Ақтөбенің тұрғынының 8 ер баласы және 6 қыз баласы бар. Бірінші баласын Әлия 17 жасында босанған. Анасының айтуынша ол барлық баласын бірдей жақсы көреді. "Мен өз отбасымда жалғыз қыз болдым. Соңғы босануға әрең келістім, өте ауыр болды. Құдай қанша бала берсе, сонша баланы босандым", - дейді ол.
"Балаларым өсіп келеді, үлкендері кішкентайларына қарайласалы. Біз біреуден нан сұраған күніміз болған емес. Әр балаға екі мың теңге аламын. Алайда балалардың жәрдемақысы әрдайым келе бермейді. Күйеуім вахталық жұмыста, 85 мың айлық алады. Егер біздің табысымыз ең төменгі табыс көзінен бірнеше тиын асып кеткеннің өзінде жәрдемақын кесіп тастайды", - дейді Әлия Новикова.
Еске салайық, 26 тамызда Ақтөбе облысының перзентханасының дәрігерлері 41 жастағы Әлия Новикованы қабылдап, Әлия 14-ші перзентін дүниге әкелген еді. Айта кетейік, нәрестеге Дамир деген есім берілді. Tengrinews.kz тілшісі перзентханаға барып, нәрестенің жағдайын біліп қайтты.