14 маусым 2018 17:24

15 маусымда Ораза айт басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lovelly.me © lovelly.me

Бүгін мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы аяқталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Ал 15 маусымда Ораза айт мерекесі басталады. 


Бүгін мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы аяқталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Ал 15 маусымда Ораза айт мерекесі басталады. 

Мuftyat.kz сайтының мәліметі бойынша, ертең айт анамазына ауыз бекітіп барудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, сайтта Қазақстанның әр қаласында айт намазының қай уақытта кіретіні туралы кесте көрсетілген:

Астана - 07:00,  Алматы - 06:00, Алматы облысы- 06:00, Ақтөбе - 07:00, Ақмола облысы - 07:30, Атырау - 07:00, Ақтау - 07:00, БҚО - 06:30, Жамбыл - 06:30, Қарағанды - 06:00, Қостанай - 07:30, Қызылорда - 07:00,  ОҚО - 06:30, Талдықорған - 06:30, Павлодар - 07:00, ШҚО - 07:00, СҚО - 07:30, Семей - 07:00, Жезқазған - 07:00.

Бұл күні айт намазына келген адам аузын бекітпейді және үйден шығар алдында 1,3,5,7 сияқты тақ санда құрма жеп шығады екен. Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұсталмайды. Сонымен қоса, бұл күн мереке болғандықтан әркім бұл күннің қуанышын сезу үшін бір-біріне сыйлық тартып, бір-бірін құттықтайды. 

Еске салайық, мұның алдында Қадір түнін (Ляйлятуль кадр, Laylat al-Qadr) мешітте ғана емес, үйде де күтуге болатыны айтылған еді. 

"Құрметті жамағат! Денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің айтуынша қаламыздағы менингит инфекциясының азайғандығы, минингококк вирусының өршуі тоқтап, бір қалыпқа түскендігі белгілі. Сондықтан да, бүгінде қорқыныш сейілді, алаңдаушылыққа жол жоқ. Десек те, денсаулық Алла Тағаланың аманаты болғандықтан оған немқұрайлы қарауды шариғат құптамайды. Егер сол түні мешіттерде болған біреудің денсаулығы сыр беріп, әлсіздік байқалса дереу үйіне қайтып, жедел жәрдем шақырып дәрігерлерге қаралуы қажет. Қадір түні құлшылығын тек мешітте ғана емес, үйде жасауға да болады. Дұғаның қабыл болуы үшін қай жерде болғаныңыз емес, ықыласты болу маңызды", - деген болатын Алматы мешітінің имамы Еркінбек Шоқай.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети