18 желтоқсан 2014 19:34

16 желтоқсан Хьюстонда Қазақстан Тәуелсіздігі күні деп жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©e-history.kz ©e-history.kz

Хьюстон қаласының әкімі Анис Паркер Қазақстан Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай 2014 жылдың 16 желтоқсанын Қазақстан Тәуелсіздігі күні деп жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жуырда Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Қайрат Омаров Техас штатының Хьюстон қаласына іс-сапармен барды. Іс-сапар барысында ол Хьюстон қаласының әкімі Анис Паркермен кездесіп, Қазақстан мен Хьюстонның арасындағы сауда-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады", - делінген хабарламада. Қазақстандық дипломат кездесу барысында елімізде қабылданған инвестициялық жеңілдіктер туралы айтып, Хьюстонда орналасқан компанияларды "Нұрлы жол" бағдарламасы мен EXPO-2017 көрмесіне қатысуға шақырды. 

Кездесу соңында Хьюстон қаласының әкімі Анис Паркер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай 2014 жылдың 16 желтоқсанын Хьюстондағы Қазақстан Тәуелсіздігі күні деп жариялады, - деп мәлімдейді баспасөз қызметінің мамандары.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети