15 қаңтар 2019 | 10:35

16 қаңтардан бастап әл-Фараби, ШААЖ және Саин жолдарында жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынады

© Tengrinews.kz фотоколлажы

15 қаңтардан бастап Алматыда әл-Фараби даңғылы, шығыс айналма автомобиль жолы және Саин көшесінде рұқсат етілген жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60-қа өзгертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалалық полиция департаментінің өкілдері бұл шараның жолдағы адам өлімі көрсеткішін төмендету мақсатында жасалғанын айтады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

15 қаңтардан бастап Алматыда әл-Фараби даңғылы, шығыс айналма автомобиль жолы және Саин көшесінде рұқсат етілген жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60-қа өзгертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалалық полиция департаментінің өкілдері бұл шараның жолдағы адам өлімі көрсеткішін төмендету мақсатында жасалғанын айтады. 

Жол белгілері орнатылды. Бір күн бойы "АИС БДД" жүйесін қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі, яғни жол ережесін бұзған жағдайда камералардың тіркеуі және техникалық мониторинг. 

Реклама
Реклама

"16 қаңтардан бастап жылдамдық режимін алдын ала белгіленген аймақта жол ережесін бұзған жүргізушілерді тіркеу басталады. Алайда бүгін жол ережесін бұзуға болады деген сөз емес. Бір күн уақыт жүргізушілердің осы жаңалыққа бейімделуі үшін берілген уақыт. Осы шара туралы ескертулер мен қоғамды ақпараттандыру бірнеше ай бойы жүргізіліп келеді: жүргізушілерді жылдамдықты асырмауға шақырамыз және бұл қауіпсіздік шарасы екенін ескергені дұрыс", - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев. 

Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе бойынша Нью-Йорк, Лондон және басқа да әлкмдік мегаполистердегі қолданылатын әдіс бойынша қауіпсіздік шарасы үшін жасалғанын айтылады. Себебі жылдамдық мөлшерін түсіру арқылы жүргізушілер, жаяу жүргіншілердің өмірін аман алып қалған. 

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда 4203 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның көбісі жылдамдық мөлшері 60-тан 80-ге дейінгі аймақта болады екен, күніне шамамен 12 жол апаты. 2018 жылдың қаңтарынан бастап 121 адам жол апатынан қайтыс болған. 

Айта кетейік, сағатына 10-нан 20 шақырымға дейін жылдамдықты асырғаны үшін 5 АЕК (12 625 теңге) айыппұл салынады. Сағатына 20-дан 40 шақырымға дейін жылдамдықты асырғаны үшін 10 АЕК (25 250 теңге) айыппұл салынады. Сағатына 40 шақырымға дейін жылдамдықты асырғаны үшін 20 АЕК (50 500 теңге) айыппұл салынады. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная