24 қыркүйек 2016 10:30

1995 жылдан бері қазақстандықтардың табысы 40 еседей өсті - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Мемлекет басшысының Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 
 
Елбасы Көкшетау қаласына жұмыс сапары аясында "Қазақстан агро инновациялық корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, ондағы құрастыру үдерісімен және шығарылатын техника үлгілерімен танысты.


Мемлекет басшысының Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 
 
Елбасы Көкшетау қаласына жұмыс сапары аясында "Қазақстан агро инновациялық корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, ондағы құрастыру үдерісімен және шығарылатын техника үлгілерімен танысты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысы жұртшылығы өкілдерімен кездесті.

Кездесуге ардагерлер, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және жастар ұйымдарының жетекшілері, сондай-ақ бизнес қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Қазақстан Президенті жиналғандарға арнаған сөзінде Тәуелсіздік жылдарында мемлекет тұрақты экономикалық өсім мен жоғары әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ете алғанын атап өтті. 

"Бүгінгі таңда Қазақстанға келген инвестиция көлемі 250 миллиард АҚШ долларынан асты. 1995 жылдан бері қазақстандықтардың табысы 40 еседей өсті. Тұрғындар әл-ауқатының артуы өмір жасының ұзақтығын 67-ден 72 жасқа дейін ұзартуға мүмкіндік берді. Бала туу өсімі - 60 пайыз. Бұл орайда балаларға төленетін жәрдемақы өсімі 7 еседен асты", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті облысты экономикалық тұрғыдан әртараптандырудың басты қайнар көзі аграрлық сектор екенін атап өтті.

"Астананың бір ғана азық-түлік белдеуі аясында 100-ден астам жобаны жүзеге асыру үшін 85 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. Соңғы 15 жылда 10 мыңнан астам жаңа трактор, астық жинайтын комбайн мен егін егетін кешен сатып алынды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы өңірдің туристік саласын дамыту қажеттігін атап айтты. 

"Жыл сайын облысқа жүз мыңнан астам турист келеді, оған Шортанды-Бурабай курорты аймағына мемлекеттік қолдау көрсетілгені де септігін тигізіп отыр. Келер жылы жазда Астанада маңызды тарихи шара - "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі өтеді. Оған 100-ден астам елдің өкілдері қатысады. Олардың көбі Астанаға ғана емес, осы өңірдің туристік нысандарын да тамашалауға келеді", - деп атап өтті Қазақстан Президенті.


© Ақорда

Кездесу аясында Ақмола облысының әкімі өңірдің негізгі әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ оны дамыту перспективалары туралы баяндады.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналған қауымды ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, отбасының амандық-саулығы мен жаңа табыс және бақ-береке тіледі.

Облыс тұрғындары Қазақстан Президентіне жылы лебіздерін білдіріп, туған өлкесіне ұдайы қамқорлығы мен экономиканы дамыту, халықтың әл ауқатын арттыру бағытында атқарып жатқан жұмысы үшін ризашылық білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети