22 тамыз 2014 10:56

2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы қыркүйектің 2-сінде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы қыркүйектің 2-сінде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2014 жылғы 2 қыркүйекте, сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын", - делінген Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыповтың өкімінде. Мәжілістің баспасөз қызметі жариялаған құжатта бірлескен отырыстың күн тәртібі көрсетілмеген.

Еске сала кетейік, Қазақстан Парламенті - республиканың заң шығарушы жоғарғы өкілетті органы. Ол қос палатадан тұрады: Сенат және Мәжіліс. Төменгі палатаның бесінші шақырылымының құрамы 2012 жылдың қаңтарында бекітілді. Конституциялық нормаларға сәйкес, 2008-2011 жылдары сайланып, ҚР Президенті 2007-2011 жылдары бекіткен Сенат депутаттары бесінші шақырылымда өкілеттіктерін жалғастырды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети