07 ақпан 2019 17:23

20 миллиондық үй: Павлодар облысында ауыл әкімдігі мәлімдеме жасады

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынған © фото Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынған

Павлодар облысы Май ауданының әкімдігі 20 миллион теңгеге экс-әкім Ардақ Қаңтарбаевқа сатып алынған қызметтік тұрғын үйге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысы Май ауданының әкімдігі 20 миллион теңгеге экс-әкім Ардақ Қаңтарбаевқа сатып алынған қызметтік тұрғын үйге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Май ауданының ішкі саясат бөлімі өкілдерінің айтуынша, 2016 жылдың сәуір айында Ардақ Қаңтарбаев әкім болып тағайындалды. Оның тұратын үйі болмағандықтан, жеке азаматтың пәтерінде тұрған. 2017 жылы мәслихат жеке салушыдан жаңа тұрғын сатып алу үшін 20 миллион теңге бөлген.

"Ол кезде аудандық орталықтың Көктебе ауылында жаңадан тұрғын үй салынған. Бұл үйді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алулар электрондық порталында "Май аудандық қаржы бөлімі" ММ "тұрғын үй сатып алу" ашық конкурсына қатысқан, ол конкурсқа кез келген адамның қатысуға мүмкіндігі болды", - дейді әкімдік өкілдері.

2019 жылдың 4 ақпанында Ардақ Қаңтарбаев аудан әкімі қызметінен өз еркімен кеткен.

"6 қаңтарда аудан әкімдігіне облыс әкімнің бұйрығымен Ардақ Қаңтарбаевты жұмыстан босату туралы бұйрық келген. Осыдан кейін аудан әкімдігі Май ауданының ресми сайтын жабдықтаушыға Ардақ Қаңтарбаевтың әкім екендігі туралы ақпаратты алып тастау туралы өтініш жазылған", - деді Май аудананың ішкі саясат бөлімінің өкілдері.

Қазіргі уақытта бұл тұрғын үйде ешкім тұрмайды, аудан әкімінің орны бос.

Бұған дейін Павлодар облысы Май ауданында әкімдік меншігінде Көктөбе аулында 20 миллион теңге тұратын үйдің бар екені айтылған. Үй 2017 жылы ақпан айында жер аумағымен сатып алынған. Павлодар облысының баспасөз қызметінің өкілдері басылымның сауалына жауап берді. Тұрғын үйде Май ауданының экс-әкімі тұрған. Үй уақытша тұрақ ретінде пайдалануға берілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети