08 шілде 2016 10:36

2005 жылы шекара белгіленгенде Өзбекстан аумағында қалып қойған үйлер елімізге көшірілетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың төрағалымен Сарыағаштағы Достық елді мекеніндегі шекара бойында 100 метр жерде орналасқан үйлер бойынша шұғыл жиналыс өтті. Мәжілісте 2005 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара демаркацияланып, шекара сызығы анықталғаннан кейін сонда қалып қойған Достық елдімекеніндегі 10 үйдің мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Otyrar.kz басылымы. 

Осы 10 отбасыны көшіру мақсатында Достық ауылына баратын Абай-Калхабад тасжолының екі жақ бетінен 80 га жерді беру үшін Достық елді мекенінің оңтайландырылған жоспары жасалып отыр. Сол он үйдің тұрғындары мүлікті заңдастыруда және басқа жаққа көшуде мемлекеттен өтемақы алуға өтініш жасап отыр. Мұны облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес сол елдімекеннің тұрғындарымен кездесіп қайтқан облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары бұл аумаққа мемлекет есебінен газ, су тарту экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан, бүгінге дейін ауыл тұрғындары көгілдір отынсыз отырғанын, ауыз суды 3 шақырым жердегі Ұшқын елді мекенінен тасымалдап ішіп келетінін айтты.

© otyrar.kz

Бейбіт Бәкірұлы бұл мәселе бойынша арнайы жұмыс тобын құруды және ауыл тұрғындары басқа жерге көшкенше ауыз сумен, сығымдалған газбен қамтамасыз етуді тапсырды. Ал аудан әкімдігіне тез арада осы үйлерді түгендеп, мүлікті заңдастыруға көмектесу тапсырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети