25 қыркүйек 2014 11:34

2013 жылдан бері елімізде 9 терактінің жолы кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арнайы жасақ жауынгері. ©REUTERS Арнайы жасақ жауынгері. ©REUTERS

Қазақстанда 2013 жылдан бері тоғыз террорлық актінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бас прокурордың орынбасары Жақып Асановқа сілтеме жасап.


Қазақстанда 2013 жылдан бері тоғыз террорлық актінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бас прокурордың орынбасары Жақып Асановқа сілтеме жасап.

"Өткен жылдан бері арнайы органдар тоғыз террорлық актінің жолын кесті. Мысалы, 2014 жылдың сәуірінде радикал діни идеологияны ұстанушы екі адам Сирияға баруды және ол жақта құқық қорғау органдарына қарсы ұрыс әрекеттеріне қатысуды үігттеді. Соттың шешімімен олар бес жылға сотталды. Шетелдік лаңкестік топ біздің азаматты арнайы дайындап, қарулы террористік топ құру үшін Қазақстанға жіберген. Бір ай бұрын ол Қырғызстанда ұсталып, елге қайтарылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. 2013 жылы 65 қылмыс жасалды, 2014 жылы 52 қылмыс тіркеліп отыр", - деді бас прокурордың орынбасары Парламент Сенатындағы жалпы отырыста экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға түзетулер енгізу жобасын таныстыру барысында. 

Ол биыл экстремистік террорлық қылмысты жасағаны үшін 29 адамның сотталғанын айтты. Атырауда бір Ауғанстанның террористік тобына әлеуметтік желі арқылы кіріп, азаматтарды содыр болуға үндеген. Ол бұл қылмысы үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Прокурорлардың сұранымы бойынша мыңнан астам интернет-басылым материалы экстремистік деп танылып, таратылуына тыйым салынды. 2004 жылдан бастап, 15 ұйым террористік, алты ұйым экстремистік деп танылып, республикада олардың қызметі тоқтатылды.

Бұған қоса, Асанов 2011 жылдан бастап, Қазақстанда террорлық әрекеттің 10-нан астам дерегі тіркелгенін айтты. Олардың салдарынан 21 адам қайтыс болды, олардың 17-сі - құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкері. Асанов мұндай жағдайлар Алматы, Тараз, Ақтөбе қалаларында болғанын еске салды.

Оның мәліметінше, 100-ден астам адам шетелдік террористік ұйымдарда жүр. "Бұл ұйымдардың Қазақстанда теріс саясат жүргізіп жатқаны жасырын емес", - деді Асанов.

Ол өткен кезеңдермен салыстырғанда, экстремизмге және терроризмге қарсы күрес күшейді деуге негіз бар екенін айтты. Бас прокуратураның тиісті заңға енгізуді ұсынып отырған түзетулеріне келсек, Tengrinews.kz бұл туралы бұрын хабарлаған еді - заң жобасы ұлттық қауіпсіздік органдарында экстремизмге және террористік қызметке қатысы бар адам ретінде тіркелген тұлғаларға Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салуды қарастырады. Сонымен бірге, шетелдегі соғысқа аттанғалы отырған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілетін болады. Ұсынылып отырған тағы бір өзгеріс - сот экстремистік деп тапқан ұйымның мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленіп алынады. 

"2012 жылы соттың шешімімен бір қоғамдық ұйым экстремистік деп танылды. Ұйымның 12 облыста 100-ден астам үйі мен ғимараты болды, бірақ заң мүмкіндік бермегендіктен, мемлекет бұл мүліктің бәрін мемлекет меншігіне айналдыра алмады. Жарты жыл ішінде барлық мүлік тәркіленді", - деді Асанов.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети