14 қазан 2014 14:25

2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясының негізгі бағыттары аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бәйтерек" холдингі 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын қабылдады. ©Тengrinews.kz мұрағатынан "Бәйтерек" холдингі 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын қабылдады. ©Тengrinews.kz мұрағатынан

"Бәйтерек" "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Мемлекет басшысына холдинг қабылдаған 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясының негізгі бағыттары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


"Бәйтерек" "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Мемлекет басшысына холдинг қабылдаған 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясының негізгі бағыттары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқармасы төрағасы Қуандық Бишімбаевты қабылдады. Қазақстан Президенті "Бәйтерек" холдингіне кіретін даму институттары "Самұрық-Қазына" АҚ іске асыратын трансформациялар жөніндегі шараларды назарға алғаны жөн екенін атап өтті. "Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті қаржыландыруға мемлекет бөлген қаражат экономиканы одан әрі дамытуға оң әсерін тигізу мақсатында тиімді игерілуге тиістігіне тоқталды", - делінген хабарламада.

Қуандық Бишімбаев "Бәйтерек" холдингі 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын қабылдағанын, оның негізгі бағыттары "Қазақстан-2050" стратегиясын жүзеге асыруға қатысу, елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қаржыландыру, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту болып саналатынын айтты. 

Бишімбаев Мемлекет басшысына "Бәйтерек" холдингінің 2013 жылғы қызметінің нәтижелері, сондай-ақ холдингтің компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар туралы да баяндады. Президентке даму институттарының инвестициялық және кредиттік қызметінің жандандырылуы, сондай-ақ тиімсіз шығыстардың азайтылуы туралы хабардар етілді.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети