2014 жылы қазақстандық жолдардың 2 миллион шаршы метрге жуығы жөнделеді

26 Наурыз 2014, 14:49
0
2014 жылы қазақстандық жолдардың 2 миллион шаршы метрге жуығы жөнделеді - ©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
2014 жылы Қазақстанда республикалық жолдардың 1,7 млн шаршы метрін шұңқырлық жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Казахавтодор» РМК хабарлауынша, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен жол жамылғысын жөндеу бойынша көктемгі жұмыстар басталған. Атап айтқанда, жолдың жүру бөлігіндегі ақауларды жою үшін бірқатар жұмыстар көзделген: асфальт-бетонды жамылғыда шұңқырлық жөндеу жұмыстары (1200 мың м2), жүру бөлігін маршруттық тәсілмен жөндеу (95 мың м2), тегістеу қабатын ретке келтіру (66 мың м2), жолтабандар мен жоталарды жою (388 мың м2).

Бұдан тыс, жоспарға сәйкес ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 20,1 мың километрге созылған жүру жолының жол таңбаларын салу, 8 мыңнан астам жол белгілерін құру және ауыстыру, 17 мың метр жол қоршауының жөнделуі көзделген.

Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында республикалық маңызы бар жолдарында шұңқырлық жөндеу жұмыстары басталды. Техникалық регламентке сәйкес, бұл жұмыс барлық облыстарда қар еріп, қолайлы күн райы болғаннан кейін басталады.

Өткенде бұрынғы Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев 2020 жылы қазақстандық жолдардың көптеген бөлігі жақсаратынын хабарлаған болатын. "Бізде жолдардың 80 пайызының сапасы қанағаттанарлық деңгейде болады, ал 19 пайызы нашар деңгейде қалады. Бірақ біздің территориямыз өте үлкен болғандықтан, бұл көрсеткіш жақсы деп есептейміз",- деді Жұмағалиев Үкімет отырысы залының сыртында болған әңгімеде.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай