15 шілде 2014 20:08

2014 жылы техбайқаудан 193 мың көлік өте алмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

2014 жылы Қазақстанда өтуге міндетті техбайқаудан 193 мың көлік өте алмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігіне қарасты Көліктік бақылау комитетінің бас сарапшысы Дидар Рақышев айтты. 


2014 жылы Қазақстанда өтуге міндетті техбайқаудан 193 мың көлік өте алмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігіне қарасты Көліктік бақылау комитетінің бас сарапшысы Дидар Рақышев айтты. 

Министрліктің мәліметтері бойынша, 2013 жылдың алғашқы жарты жылдығымен салыстырғанда бұр көрсеткіш әлдеқайда өскен. Былтырғы жылы техбайқаудан өте алмаған көліктер 11%-ды құраса, биыл 15%-ды құрайды. Сарапшылар былтырғы жыл мен биылғы жылда осындай айырмашылықтың болуын бақылаудың күшейгенімен, техбақылаудан өтетін көліктер санының көбейгенімен түсіндіреді. 

Жалпы еліміз бойынша биыл 4 миллион көлік техбақылаудан өтіпті. Алайда олардың 30 пайызы есептен тшығарылмаған көліктер болуы мүмкін. Қазіргі таңда Қазақстанда 412 ТБ орталығы бар, 800 бақылау сызығы жұмыс істейді. 43 қала мен 79 әкімшілік аудан қамтылған.

"Осы орталықтар әбден жеткілікті. Кейбір бақылау орталықтары клиент жоқ болғандықтан жабылып та жатыр. Бұрын орталықтар көп ашылған, қазір азайды", - дейді Рақышев.

Қазақстандық техбайқау саласында бақылаудан өткені туралы куәліктің жалған бланкілерін жасау мәселесі толық шешілмей тұр. Түрлі ережелерді бұзғаны үшін 2014 жылдың алғашқы үш айында бір ТБ орталығы реестрден шығарылған, 14 станцияның иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қазаннан бастап Қазақстанда "Жол қазғалыс" туралы Заңның бірнеше пункіне өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Соған сәйкес жаңа көліктің иелері алғашқы 4 жылда техбақылаудан өтпейді. Сондай-ақ көліктің  техбақылаудан өткені туралы куәліктің қағаз бланкілері электрондық жүйеге ауыстырылады.    

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети