30 қазан 2014 18:02

2015 жылы Астанада төрт мешіттің құрылысы басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Астананың "Көктал-1", "Көктал-2", "Өндіріс" ықшамаудандары мен Ильинка кентінде төрт мешіт салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Астананың "Көктал-1", "Көктал-2", "Өндіріс" ықшамаудандары мен Ильинка кентінде төрт мешіт салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы "Зайырлы қоғам: дін мен дәстүр ұштастығы" тақырыбында өткен конференцияда Астана қаласының дін істері жөніндегі басқарма басшысы Жорабек Дәуренов мәлім етті.

"Соңғы бес жылда мешіт салуға 4 жер учаскесі бөлінді. Атап айтқанда, "Көктал-1", "Көктал-2", "Өндіріс" және Ильинка кенттерінде. Жалпы алғанда, егер келер жылы құрылыс жұмыстары қолға алынса, Астанадағы мешіттер саны 10-11-ге жетеді", - деді Дәуренов.

Оның айтуынша, елордада Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда діни нысандардың құрылысы бойынша белсенділік байқалмайды. "Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда мыңға жуық мешіт бар, соның ішінде 20-30-ы соңғы үш-төрт жылда салынған, ал Астанада соңғы жеті жылда мешіт саны 4-тен 8-ге дейін артқан", - деді шенеунік.

Еске салайық, Астанада "Зайырлы қоғам: дін мен дәстүр ұштастығы" атты үш күндік семинар өтіп жатыр. Шара Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу саласында қызмет атқаратын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің білімін нығайтуға, біліктілігін және діни сауаттылығын арттыруға бағытталған. Семинар аясында дін саласындағы заңнама, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни бірлестіктердің еліміздегі қызметі қаралып, Қазақстанның мемлекеттік-конфессиялық саясаты түсіндіріледі. 

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети