23 маусым 2014 14:01

2016 жылы KazSat-2 толыққанды жұмыс істейтін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©viasatfan.clan.su ©viasatfan.clan.su

2016 жылы KazSat-2 ғарыш аппараты толыққанды жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Ал оны қазірден бастап толығымен іске қоса алмай отырғанның себебін байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары Сәкен Сәрсенов түсіндіріп берді. 


2016 жылы KazSat-2 ғарыш аппараты толыққанды жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Ал оны қазірден бастап толығымен іске қоса алмай отырғанның себебін байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары Сәкен Сәрсенов түсіндіріп берді. 

"Бүгінде біз отандық байланыс операторларын KazSat-2-ге көшіру жоспарын бекіттік. Өкінішке қарай, олар шетелдің спутниктік операторларымен ұзақмерзімді келісімшарттарды рәсімдеп қойған. Ал ол шарттарды бұзса, үлкен айыппұлдарды төлеуге тура келеді. 2016 жылға қарай біз ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, KazSat-2-ні 100 пайызға жүктейтін боламыз. Ал KazSat-3 қыркүйек айында өз орбитасына шыққаннан кейін ол резерв ретінде қолданылады", - деді бүгін байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары Сәкен Сәрсенов Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында. Онда отандық ғарыш саласын дамыту мәселелері қаралды. 

Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың айтуынша, бүгінде KazSat-2 ғарыш аппараты штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ол 66 пайызға жүктеліп, Қазақстанның 12 байланыс операторына 3,5 миллиард теңгеден астам ақшаға қызмет көрсетеді. "Дегенмен, байланыс және тарату операторлары әлі күнге дейін шетелдік аппараттардың қызметін жалға алып келеді. Сондықтан табыстың біраз бөлігі сол жаққа кетіп жатыр", - деп атап көрсетті Мұсабаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети