Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

2016 жылы дәрілік заттардың GMP стандарттарына сәйкес нарығы қалыптасады

12 Қаңтар 2015, 10:10
0

Қазақстанда 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Дәрілік заттардың тиісті фармацевтикалық тәжірибесі (GMP) стандарттарына сәйкес дәрі-дәрмектің жалпы нарығы қалыптасады. Бұл 2014 жылғы мамыр айында мемлекет басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартта айқындалған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрліктің мәліметінше, осы мерзімге дейін ЕАЭО аумағындағы дәрілік құралдар айналымына қойылатын бірегей талаптар және ортақ шарттар жасалады. Ол үшін нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде еуропалық талаптарға үйлестірілген тиісті фармацевтикалық тәжірибе ережелері әзірленіп, қабылдануы тиіс.

Еске сала кетейік, 2014 жылы жаңа тетіктер бойынша отандық тауар өндірушілердің медициналық препараттарды жеткізуі жөнінде ұзақмерзімді келісімшарттар жасауға байқау өткізіліп, нәтижесінде 13 жаңа ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылған болатын. Бұған дейін 471 түрлі дәрілік құралды жеткізу жөнінде ұзақмерзімді 7 келісімшарт болғанын ескерсек, жалпы алғанда 18 отандық тауар өндірушімен арада 7 жыл мерзімге жасалған 20 келісімшарт жұмыс істейді.

Тұрғындарды қауіпсіз және сапалы медициналық препараттармен қамтамасыз ету және еуропалық талаптарға сәйкестендіру мақсатында 2014 жылғы 17 наурыздан бастап GMP жағдайында өндірілмеген шетелдік дәрілік құралдарды мемлекеттік тіркеуге тыйым салынған болатын. Бұл норма отандық дәрілік құралдарды өндірушілерге қатысты 2018 жылғы 7 қаңтардан бастап күшіне енеді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай