14 ақпан 2017 12:59

2016 жылы Қазақстанда 100 мыңнан аса жұмыс орны ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуының арқасында 2016 жылы 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының барысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты.
 
ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасына оң бағасын бергенін баяндады. Бүгінде бағдарлама автожол, тұрғын үй құрылыстарына, сонымен қатар әлеуметтік салаға зор серпін берген экономикалық өсімнің негізгі локомотиві болып табылады.

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының аясында 2016 жылы 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Жыл қорытындылары бойынша мақсатты трансферттердің 469,6 миллиард теңгесі немесе 99 пайыз игерілді. Толық игерілмеу жайттары негізінен мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеулермен байланысты.

Көлік жолдары саласын дамытуға 2016 жылы 151,3 миллиард теңге бөлінген, қаражат толық игерілді. Бөлінген қаражат есебінен 611 шақырым автожолда құрылыс-жол жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде Астана - Теміртау, Алматы - Қапшағай, Астана - Петропавл бағыттары бойынша көлік қозғалысы ашылды. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылады.

Логистикалық инфрақұрылымды дамытуға 56,4 миллиард теңге бөлінді, оны квазимемлекеттік сектор толық игерді.

Мәселен, бөлінген қаражат Астана әуежайының жаңа терминалының, ішкі инженерлік желілердің құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстарын аяқтауға, сонымен қатар технологиялық жабдықты жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар өткен жылы Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы "ҚТЖ ҰК" АҚ жүзеге асыратын ең ірі нысандардың іске қосылуына рұқсат берді. Онда Алматы-Шу учаскесінде екінші теміржол жолдарының және Құрық портындағы паром өткелінің құрылысы қамтылмақ, бұл Қазақстанның экспорттық-транзиттік әлеуетіне оң ықпалын тигізіп, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріне шығуына жол ашады.   

Сонымен қатар еліміздің барлық аймақтарында тұрғын үй құрылысы нысандарына коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілуде, 2 208 шақырым инженерлік желілері салынды. Сондай-ақ "БЖК 2020" аясында кәсіпкерлік нысандарына жеткіліксіз инфрақұрылымды жүргізу бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 2016 жылы 35 бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 77 ШОБ субъектілеріне инфрақұрылым жүргізілді.

Мемлекеттік бағдарлама аясында білім беру саласында инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінген, атап айтқанда 2018 жылға қарай апатты және үш ауысымда оқытатын мектептерді толық жою көзделген. Қазір 52 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде 35 мектеп пен 17 балабақша бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети