05 қазан 2016 09:42

2017 жылғы Универсиада дирекциясының басшысы 2013 жылғы Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің бас хатшысымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty2017.com © almaty2017.com

Милан қаласында 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада дирекциясының басшысы Наиль Нуров халықаралық студенттер жарысын ұйымдастыру мәселелері бойынша 2013 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің бас хатшысы Филиппо Баззанелламен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Милан қаласында 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада дирекциясының басшысы Наиль Нуров халықаралық студенттер жарысын ұйымдастыру мәселелері бойынша 2013 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің бас хатшысы Филиппо Баззанелламен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Белгілісі, 2013 жылы қысқы  Универсиада Италияның Тренто қаласында өткен. Жарысқа әлемнің 700 университетінің өкілдері қатысқан болатын.  51 елден 1700-ден астам студент, 12 спорт түрінде сайысқа түсті. Ойындар Тренто қаласының 12 провинциясында өткен.

2013 жылғы Универсиаданың операциялық бюджеті  5 млн. 125 мың еуроны құрады. Аталған бюджет қысқы Универсиадалар тарихындағы ең үнемді болған.

«Универсиаданы ұйымдастыру комитеті үшін Трентоның тәжірибесі өте маңызды. Әсіресе, шығынды тиімді жұмсауын үлгі етуіміз керек. Ақшаны үнемдеп-ақ, жарысты жоғары деңгейде өткізуге болады. Осы орайда, Трентоның тәжірибесі біздерге Универсиаданы аса қымбат емес етіп өткізуге көмектесуі керек деп атап өтті», – деді Дирекция жетекшісі Наиль Нуров.

Өз кезегінде, 2013 жылғы Универсиаданың бас хатшысы Алматыдағы Универсиадаға дайындық Халықаралық студенттер спорты федерациясының барлық талабы бойынша жоғарғы деңгейде өтіп жатқанын айтты.

«Мен, Алматы қаласының FISU тариындағы ең үздік Универсиаданы өткізетініне сенімдімін. Өйткені, қыркүйек айында дәстүрлі делегация басшыларының кездесуінің өзін жоғары деңгейде өткізді. Алматыдағы қысқы Универсиаданы өткізуде кәсіби мамандардан құралған топ жұмыс істеуде. Бұл жарыс сіздердің қалаларыңызда студенттік спорттың дамуына серпін беретініне сенімдімін», – деді Филиппо Баззанелла.

Мысал ретінде ол, Италия қаласы Туринді де атап өтті. Бұл қалада 2006 жылы қысқы Олимпиада ойындары өткен. Артынша 1 жылдан соң, қысқы Универсиада ойындарын қабылдады. Осының арқасында, спорт аталымы бойынша Турин мен Трентиноға оқуға келген  шетелдік студенттердің саны 10 есеге артқан.

Кездесу барысында қос тарап, көлікпен қамтамасыз ету, тамақтану, Ойындарды басқару орталығының жұмысын, жарыстың ашылуы мен жабылу салтанатын ұйымдастыру, мәдени Универсиада тақырыбында әңгіме өрбітті.

Анықтама: қазандағы мәліметтерге сәйкес, Алматыдағы қысқы Универсиадаға Италия ұлттық студенттер спорты федерациясынан 66 қатысушының өтініші түскен. Олардың 45-і студент-спортшылар екен.   

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети