29 тамыз 2016 10:44

2017 жылы Астанада жаңа әуежай терминалы мен вокзалдың құрылысы аяқталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Асқар Мамин Астанадағы халықаралық әуежайдағы жаңа терминал және жаңа темір жол вокзалының құрылыс барысымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Асқар Мамин Астанадағы халықаралық әуежайдағы жаңа терминал және жаңа темір жол вокзалының құрылыс барысымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта терминал ғимаратының қабырғалары көтеріліп, қасбеті жасалуда. Еден, төбе, бөлме аралықтарының құрылыс-монтаж жұмыстары мен ішкі инженерлік коммуникацияларды өткізу жұмыстары жүргізілуде. Әуе кемелері тұрақтауына арналған жаңа перрон салынуда.

Құрылыс алаңында "Астана халықаралық әуежайы" АҚ және бас мердігерлік мекеме өкілдерімен талқылау барысында жұмыс барысы белгіленген кестеге сай жүргізіліп отырғандығы атап өтілді.

Жаңа жолаушылар терминалының жалпы көлемі 47 мың шаршы метр.
Жаңа терминал заманауи жабдықтармен жабдықталады. Сервистік қызмет түрлерінің сапасының жақсарып, әуе тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.


Қазіргі Астана әуежайының өткізу қабілеті жылына 3 млн. жолаушыны құрайды. Астана жаңа әуежайы жылына 7,6 млн. жолаушыға қызмет көрсете алады.

Жоспар бойынша қайта жаңарту жұмыстары 2017 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Мамин жұмыс барысында кеңес өткізген екінші нысан - елорданың жаңа вокзалы орнында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Компания басшысына бүгінгі таңда вокзалда монолитті темір бетон қаусырмасының құрылысы аяқталғандығы баяндалды. Оған 150,0 мың метр куб бетон жұмсалған. 30 мың тонна металл қаусырмасы құрастырылды. Қасбеттегі шыны аспалы жүйесі құрастырылуда. Вокзалға кіретін теміржол эстакадасының құрылысы аяқталып келеді. Бөлмеаралық металл қаусырмаларының 25 мың тоннасы құрастырылды.

Жаңа вокзал арқылы тәулігіне 12 мың жолаушы өтетін болса, маусымдық кезеңде 35 мың жолаушы өтетін болады. Қазіргі қолданыстағы вокзалдың тәуліктік жолаушыларды өткізу мүмкіндігі 7,1 мың адамды құрайды.
Ғажайып ғимаратты 2017 жылдың сәуірінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети