07 ақпан 2018 12:33

2017 жылы елден қанша адамның кеткені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің өкілдері 2017 жылы қанша қазақстандықтың елден кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің өкілдері 2017 жылы қанша қазақстандықтың елден кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет өкілдерінің мәліметінше, 2017 жылдың 12 айы бойында 37 704 адам елден кеткен, олардың 35 680-і қазақстандық. Басым көпшілігі, яғни 87 пайызы немесе 32 875 адам Ресейге кеткен. Германияға 2960 адам, Беларуске 288, АҚШ-қа 284 және Израильге 127 адам кеткен. 

Ал келгендердің саны 16 081 адам. Олардың 11 596-сы ТМД-дан және 4 мыңы басқа елдерден келген. Қазақстанға көбінде Өзбекстан (5 196), Ресей (4 383), Қытай (3204) елдерінен азаматтар келіп жатыр. 

Қазақстанда 2017 жылдан 2018 жылдың қаңтарына дейін 238 864 адамға көбейген. 

Еске салайық, 2016 жылы елден кеткендер саны 32 930 болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети