11 қыркүйек 2014 13:26

2017 жылы елімізде полицейлердің жезлы күшін жояды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

2017 жылы Қазақстанда полицейлердің жезлы күшін жояды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа сілтеме жасап.


2017 жылы Қазақстанда полицейлердің жезлы күшін жояды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа сілтеме жасап.

"Құқық қорғау органдары жүйесінде жол қозғалысын қолмен реттеу мен жедел-іздестіру шараларын жүргізу алып тасталады да, автопатрульдеу әдісі кезең-кезеңмен іске асырылатын болады. Яғни біз 2017 жылдан бастап, полицейлер жезлы құрал ретінде жоғалатынын айтып отырмыз", - деді Сағынтаев "Қазақстан-2050" демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы отырысында Үкіметтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы айтқан кезде.

Сонымен бірге бұған дейін хабарланғандай, коммерциялық мақсатқа қолданылмайтын, пайдаланылу мерзімі жеті жылдан аспаған жеке автокөліктер техникалық байқаудан өткізілмейтін болады.  

Заңға жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілердің жауапкершілігін қатайтатын өзгертулер енгізілгенін де хабарлаған болатынбыз. Мысалы, көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны қолданған жүргізушіге бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Заңбұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда салынатын айыппұл жеті айлық есептік көрсеткішке дейін көбейтіледі.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети