22 қазан 2019 17:24

2018 жылы 86 мыңнан аса жұмыс орны құрылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

5 жыл ішінде "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 400 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұл туралы бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


5 жыл ішінде "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 400 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұл туралы бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Айта кету керек, 2018 жылдың өзінде 86 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Биыл жоспарға сәйкес тағы 54 мың жұмыс орнын құру жоспарланған.

Биылғы 8-9 қазанда премьер-министр Асқар Мамин Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарына жасаған жұмыс сапарлары барысында "Нұрлы жол" бағдарламасының жүзеге асырылу барысын тексерді.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ облыстық филиалдарының және мердігер ұйымдардың басшылары атқарылып жатқан жұмыстар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Жаңабай Қобыландин бүгінде Алматы облысында 840 шақырымнан астам жолды реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Барлық жерде жергілікті тұрғындар қатысуда.

"Жұмысшылар - механизаторлар, мамандар - жергілікті тұрғындар қатарынан. Мәселен, Үшарал, Балапан, Қызылағаш, Сарқан, Талдықорған тұрғындары Талдықорған - Өскемен учаскесіне тартылған", - деді Қобыландин.

Ол "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өз қызметкерлерін оқытуға қызығушылық танытатынын және мүмкіндігінше шетелден мамандар тартпауға тырысатынын атап өтті. Мәселен, қазіргі уақытта Талдықорған - Өскемен автожолын қалпына келтірумен айналысатын қытайлық CITIC Construction Co.LTD компаниясында 2400-ден астам адам жұмыс істейді. Оның ішінде тек 200 адам - ҚХР-дан келген мамандар.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Олжас Ахметов екі ірі дәлізді - Талдықорған - Қалбатау - Өскемен және Қалбатау - Майқапшағай - Қытай Халық Республикасының шекарасы дәліздерін реконструкциялау кезінде жақын орналасқан кенттер, ауылдар мен қалалардың тұрғындары тартылатындығын атап өтті.

Мәселен, Үшарал - Достық автожолының 0-60 шақырым аралығындағы жолын реконструкциялаумен айналысатын "Қыран" ЖШС-де 330-дан астам жұмыс орны құрылған. Олардың 80 пайызына жергілікті тұрғындар жұмысқа орналасқан. Бұл жобаның жетекшісі Серік Айдаров жобада отандық құрылыс материалдарын пайдалануға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

"Бізде қазақстандық қамту - 100 пайыз. Себебі барлық материалдар, темірбетон бұйымдары - барлығы Қазақстанда шығарылған", - деді Айдаров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети