27 желтоқсан 2018 12:30

2018 жылы Астана қалай өзгерді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2018 жылы Астанаға 20 жыл болды. Өткен жыл елорда үшін аса мерекелі түрде өтті. Бас қала сыйлықтарды қабылдап, қонақтарды қарсы алып жатты. Алайда Астана xалқы үшін ұйымдастырылған түрлі ауқымды шаралардан гөрі күнделікті өмірдің қолайлылығы әлдеқайда маңызды. Ал 2018 жылы Астанада болған бірқатар өзгерістер дәл осы мәселе аясында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана Innovations АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2018 жылы Астанаға 20 жыл болды. Өткен жыл елорда үшін аса мерекелі түрде өтті. Бас қала сыйлықтарды қабылдап, қонақтарды қарсы алып жатты. Алайда Астана xалқы үшін ұйымдастырылған түрлі ауқымды шаралардан гөрі күнделікті өмірдің қолайлылығы әлдеқайда маңызды. Ал 2018 жылы Астанада болған бірқатар өзгерістер дәл осы мәселе аясында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана Innovations АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Даму деңгейі өсті

Астанадағы қар тазалау жұмысының сапасы биылдан бастап қалалық бейнебақылау камералары арқылы тексеріледі. Тазалау шарасы түрлі заң бұзушылықты анықтайтын үш мың камерамен қадағалануда. Биліктің айтуынша, мұндай тәжірибе тәртіпке үйретпек. 2018 жылы елордада адам түрін анықтайтын жүйе, сол жағалауда 39 "ақылды" орындық іске қосылды. Оған қоса, ол орындықтарда ұялы телефонды қуаттандырып және Bluetooth арқылы өлең тыңдауға болады.

Тазалық кезінде

2018 жылы Астанада металл, пластик, қағаз және шыны тастайтын арнайы бактар пайда болды. Ал қаладағы кейбір аулаларда қоқыс контейнерлері мүлде жоғалып кетті. Енді қоқысты жер астында арнайы қораптарда сақтайтын болған.

Қоғамдық көлік

2018 жылы елордадағы қоғамдық көліктер AstraPlat жобасы аясында көліктік карталардың көмегімен электронды төлеу жүйесіне түсті. Қаңтардан бастап тұрғындар автобустағы төлемді AstraCard пластикалық картасы арқылы іске асыруды бастаған.

Ақылды қала

Билік Астананы дәл осындай қала етуге тырысып жатыр. Биыл Астанада Eurasian Book Fair- 2018" xалықаралық кітап көрмесі өтті. Назарбаев университетінде тәулік бойы істейтін залдар, автобус аялдамаларында интерактивті баннерлар ашылды.

Өңірлік сый

2018 жылы елордада алғашқы ботаникалық бақ ашылды. Қалада xалықаралық келісім аллеясы мен шие бағы салынды. Жаңа демалыс орындары арасынан "Чемодандарпаркі" мен "ғажайып бағы" пайда болды. Астананың 20 жылдығына орай өңірлер бірқатар сый жасады. Олар "Ақжайық саябағы", "Ұлытау аллеясы", ракета-ғарыштық техника мұражайының экспозициясы, жаяу жүргіншілер көпірі, 56 шақырымдық велосипед жолымен "Әлемқабырғасын" тарту еткен.

Ой алаңы

Елорда сенімді түрде жаңа технологиялармен, жаңа ойлармен бас қаладағы халықтың өмірін барынша қолайлы етуге талпынған адамдармен толығуда. Астанада бір жыл ішінде AstanaInnovations Challenge 2018 жобасы аясында бірнеше іс-шара өтті.

Стартап марафонның басты мақсаты - "ақылды" қала концепциясын іске асыру мен қаланың маңызды мәселелерін шешу.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети