23 маусым 2015 10:54

2019 жылы Алматыда жерүсті метросы пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mikhail.krivyy.com ©mikhail.krivyy.com

Келешекте Алматыда автобустардың қатарына жеңіл рельсті көлік қосылады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.  


Келешекте Алматыда автобустардың қатарына жеңіл рельсті көлік қосылады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.  

Бүкіл қаланы аралайтын жерүсті метросының алғашқы тармағы 2019 жылы қолданысқа беріледі. Телеарна тілшілерінің мәліметінше, бұл қала әкімдігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы бірлескен жоба бойынша жүзеге асады. Ал, құрылыс жұмысы келесі жылы, яғни 2016 жылы басталады. 

Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Талғат Әбдірахмановтың айтуынша, жерүсті метро Алатау ықшам ауданынан басталады. "Содан кейін қаланың ортасымен өтеді де, ары қарай Жетісу көшесіне дейін барады. Дамыған шет елдерде де бар, адамдар жүретін жолдарда қатар жүреді. Сол сияқты бізде де сондай ЛРТ салынады. Олар бір-біріне бөгет жасамайды",- деді Әбдірахманов. 

Мамандар жобаны іске асыруда Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйенеді. Ол қала құрылымының ешқайсысына кедергі келтірмейді және экологиялық таза болады деп жоспарланып отыр. Еске салайық, Алматыда метро 2011 жылы желтоқсанда ашылған болатын. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети