19 маусым 2019 09:26

2020 жылы дәріханалар рецептілерді электронды форматта қабылдайды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ©Тұрар Қазанғапов © ©Тұрар Қазанғапов

Келер жылдан бастап дәріханалар рецептілерді электронды форматта қабылдайды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Келер жылдан бастап дәріханалар рецептілерді электронды форматта қабылдайды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

18 маусымда есептік кездесу барысында баяндама жасаған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ендігі жылдан бастап дәрігер берген нұсқау қағазды 3 жыл сақтауға болатынын айтты. Сондай-ақ бұл - халықаралық тәжірибе екенін де айта өтті. Сарапшылардың айтуынша, көптеген елдегі дәрі-дәрмектердің жартысы көлеңкеде қалып отыр. Оның 10 пайыздай тасада қалада. Министр Қазақстандағы көлеңкелі айналым көлемі де белгісіз екенін айтты. Рецептілік бақылау науқастар қауіпсіздігі үшін керек. Қазіргі уақытта 3,5 миллион рецепті электронды түрде берілген. Қазір елге жеткізілген препараттардың үштен бір бөлігі тегін беріледі. Министр енді оның саны көбейетінін мәлімдеді.

"Барлық дәріханалар рецептіні 3 жыл сақтау керек деп шағымданады. Иә, бірақ келер жылы қағазсыз форматқа көшеміз деп отырмыз. Қазір ол қарастырылып жатыр. Оны сақтаудың қажеті болмайды, өйткені барлығы электронды форматта болады. Қазір ірі дәріханалар желісі бізбен жұмыс істеуге құлық танытып отырғанын айта кеткім келеді", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Айта кетейік, Қазақстан кәсіпкерлер және сервистік қызметтер қауымдастығының қзыметкерлері рецептіні 3 жыл сақтауға жарамайды, сондықтан бұл жаңашылдыққа мораторий жариялау керек екенін айтқан. Фармацевтердің есептеуінше, күн сайын әр дәріханаға шамамен 200-300 адам рецепті бойынша дәрі алуға келеді. Ал елде 6 мыңнан астам препарат тек қана дәрігердің ұсынысымен қабылданатын көрінеді. Рецепті жоғалған жағдайда 130-дан 200-ге дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Ал екінші рет мұндай оқиға қайталанса, олар лицензияларынан айырылады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети