18 тамыз 2016 17:32

2021 жылдан бастап қазақстандық ЖОО-лар өзіндік үлгідегі дипломдар береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық жоғары оқу орындары оқуын келесі жылдан бастап 2021 жылы аяқтайтын студенттерге өзіндік үлгідегі дипломдар бере бастайды. Бұл туралы ҚР бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев республикалық тамыз кеңесi барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды PM.kz.


Қазақстандық жоғары оқу орындары оқуын келесі жылдан бастап 2021 жылы аяқтайтын студенттерге өзіндік үлгідегі дипломдар бере бастайды. Бұл туралы ҚР бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев республикалық тамыз кеңесi барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды PM.kz.

"Бір ай бұрын ҰБТ мен КТА аяқталды. Білім беру грантына ие болғандардың тізімі шықты. Білім беру гранттарын беру құқығына 87 ЖОО ие болды. Биыл ҰБТ жаңа форматта өтті. Бірінші рет тестілеуден өтпеген балалар тестті қайта тапсыруға мүмкіндік алды. Талапкерлер сондай-ақ, орта деңгейден өтпесе де, ақылы түрде ЖОО-ға түсуге мүмкіндік алды. Бұл талапкерлердің қазақстандық ЖОО-да оқуға қолжетімділігін айтарлықтай жеңілдетті", - деді Сағадиев.

Сондай-ақ, министр айтып өткендей, қазақстандық жоғары оқу орындары өзіндік үлгідегі дипломды келесі жылдан бастап оқуды бастап 2021 жылы аяқтайтын студенттерге бере бастайды.

"ЖОО арасындағы бәсекелестіктің артып келе жатқанын көріп отырмыз. Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту белсенді жүріп жатыр. Ол ұлттық біліктілік талаптарын енгізуге алып келеді. Барлық әлемдегідей дипломдар сапасының қосымша, бірақ маңызды индикаторы болады. Яғни, ол педагогтың кәсіптік стандарты, осы бағытта біз белсенді жұмыс жасап жатырмыз", - деп түйіндеді Сағадиев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети