25 мамыр 2016 17:50

21 мамырда полицейлер 1083 адамды ұстаған - Мұхтар Тайжан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Полицейлер 21 мамыр күні 1083 адамды ұстаған. Мұндай мәліметті Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқықтық және ақпараттық-түсіндіру жұмыс топтарының отырысы барысында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полицейлер 21 мамыр күні 1083 адамды ұстаған. Мұндай мәліметті Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқықтық және ақпараттық-түсіндіру жұмыс топтарының отырысы барысында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұхтар Тайжанның айтуынша, оның қолында өткен сенбіде полицейлер ұстап әкеткен кейбір азаматтардың шағымдары бар.

"Шағымдар менің қолымда. Ешкімнің бұзақылық жасамағаны анық. Жексенбі күні мен олармен кездесу өткіздім. Шамамен 120 адам келді. Барлығы да білімді, отансүйгіш жандар. (...) 1083 адам Атырау, Орал, Алматы қалаларынан ұсталған", - деді Мұхтар Тайжан мұндай мәліметті сенімді дереккөз ұсынғанын айта отырып.

"Бұл менің органдардағы сенімді дереккөзім. (...) Бүгін бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченкомен кездесемін. Мұны ресми түрде тапсырамын. Сонымен қатар, әрбір жағдай үшін жеке-жеке түсінік талап етемін. Мына адамдардың жазып отырғаны рас болып, ұстау әрекеті заңсыз болған жағдайда, полицейлер әрекеттері үшін жауап беруге міндетті болады. Себебі, біздің азаматтар бұзақылық жасаған жоқ, олар бейбіт түрде шықты", - деді Мұхтар Тайжан.

Айта кетейік, Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті - Мұхтар Тайжан бұған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасынан митингке шақыру ісі бойынша ұсталғандарды бостауды сұраған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети