Конституцияның 26-бабына енгізілетін өзгерістерді жетілдіру керек дейді Республикалық нотариалды палата заңгері "Жекеменшік құқығын қорғау" мәселесін талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Конституцияның 26-бабына енгізілетін өзгерістерді жетілдіру керек дейді Республикалық нотариалды палата заңгері "Жекеменшік құқығын қорғау" мәселесін талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚР Конституциясының 26-бабына енгізілетін өзгерістер халық арасында, БАҚ бетінде қызу талқыланып жатыр. Біз түрлі пікірлер ме көзқарастар барын көріп отырмыз. Осы себепті жекменшік құқығын реттеуге арналған бапқа енгізілетін өзгерістер толықтыруды қажет етеді деп ойлаймыз. Ұлттық заңнаманы сараптау керек және өзге елдердің тәжірибесін ескеру қажет", - дейді заң ғылымдарының магистрі Людмила Кутенко.
"26-бапқа енгізуге ұсынылған өзгерістер шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқығын бұзып отырған қолданыстағы заңнын жетілмеген тұстарына қатысты. Ұсынылған өзгерістер бойынша Қазақстан аумағындағы әрбір адамның ол ҚР азаматы болсын, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болсын заңды түрде сатып алған мүлкіне құқылы болуына көмектеседі. Бұл өзгерістер мүлікке деген азамат құқын адам құқына өткізіп отыр", -деп түсіндірді Людмила Кутенко.
26-баптағы "жекеменшік құқықа қол сұғылмайтыны" туралы өзгеріс елімізде өткен мүлікті жария ету бойынша негізделгендігін айта кетті сарапшы.
"Жекеменшікке қолсұқпаушылық біздің елді инвестиция үшін ары қарай тартымды ете түседі. Осыған байланысты кәсіпкерлік пен азаматтық бастамалар артады", - деп аяқтады сөзін заңгер.