1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

26 сәуірде өтетін Қазақстан Президентінің сайлауы Прагада талқыланды

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

26 сәуірде өтетін Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы Прагада талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 сәуірде Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов Қазақстан Республикасында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға қатысты елдің БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізді. Әбдікәрімов брифинг қатысушыларын сайлау үдерісінің басталу тарихымен, Қазақстан Халқы Ассамблеясының бастамасымен, сайлауға дайындықтың барысымен, соның ішінде көптеген халықаралық бақылаушылар мен журналистердің тіркелу үрдісімен толық таныстырып өтті.

Елші Қазақстан дамуының жаңа күрделі кезеңіне өткенін айтты. Атап айтқанда, экономикалық факторлар қысымының өсімі, мұнай бағасының төмендеуі, санкциялық қарсылықтар, аймақтағы тұрақсыздық, Халықаралық коалиция күштерінің Ауғанстаннан шығуы атап өтілді.

"Елімізді де, бүкіл өңірді де алда біраз сынақтар күтуде, дегенмен, Қазақстанның қазіргі заман қатерлері туралы түсінігі, айқын жоспары мен оларды еңсеру үшін тиісті қорлар бар. 26 сәуірде Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға, келеңсіз сыртқы факторларды жеңу үшін белсенді жұмыс істеуге, көзделген жоспарларды жүзеге асыруға және халық өмірінің деңгейін көтеруге мүмкіндік береді", - деді елші.

Дипломат Қазақстан Президенттігіне кандидаттарының ұсынған сайлау алдындағы бағдарламалардың негізгі жағдайларына ерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар, Әбдікәрімов Елбасының "Нұрлы жол" Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыруға, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына, Қазақ хандығының 550-жылдығына, Астана экономикалық форумының дайындығына, Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының V Съезіне және ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысты сауалдарына жауап берді.