27 шілде 2019 10:02

27 шілдеде ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте кей жерлерде тұман түседі. Республиканың оңтүстігі мен солтүстігінде күн ашық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ және секундына 15-20 метрге дейін желдің күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болады, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін және желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қарағанды, Павлодар, сондай-ақ түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе және күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін, Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл болады.

Күндіз Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарында, сондай-ақ Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети