Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

30 сәуірде жол жүру ережесін бұзғандарға тағайындалған айыппұлдың жаңа шарттары күшіне енеді

29 Сәуір 2014, 22:12
0
©Назымгүл Күміспаева
©Назымгүл Күміспаева

30 сәуірден бастап жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге тағылатын әкімшілік жауапкершіліктің жаңа шарттары күшіне енеді.  ҚР Ішкі істер министрлігінің жол қауіпсіздігі комитеті ресми сайтында жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге тағылатын айыппұл кестесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Тарқатып айтар болсақ, енді мемлекеттiк тiркелген номер белгіcі оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған көлiк құралдарын басқарған жүргізушілерге бес айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) мөлшерiнде айыппұл салынады. (1 АЕК - 1852 теңге). 

Мемлекеттiк техникалық байқаудан өтпеген не тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарса 3 АЕК, тежегiш жүйесiнiң, басқару рулiнiң, жетектi-iлiнiстi құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқарғаны үшін 15 АЕК мөлшерiнде айыппұл төлейді. 

Көлік құралын басқару кезінде жүргізушіге телефонды не ра­диостанцияны пайдаланғаны үшін 5 АЕК айыппұл салынса, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған ереже бұзушылыққа 7 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 

Көлiк құралдары жүргiзушiлерi қозғалыстың белгiленген жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге дейiнгi шамаға арттырып жiберсе 10 АЕК, ал жылдамдығын сағатына қырық километрден астам шамаға арттыру 30 АЕК көлемінде жазаланады.

Рұқсат етілмеген бағдаршамға немесе басқарушының қимылына мән бермеген жүргізушіге  Кодекстің 463–1-бабынан бөлек, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 

Көлікті мас күйінде жүргізсе немесе мас адамға берсе жүргізуші куәлігінен 3 жылға айырылады. Ал, көлік апатын тудырған жағдайда 4 жылға жүргізуші куәлігінен айырылса, егер көлік апатында басқа адамнының денсаулығына зиян келтіретін болса куәлігінен 5 жылғы айырылады. Бұл ережелерді қайталап бұзған жүргізуші 15 немесе 30 күн әкімшілік жазасын өтеп, куәлігінен 6 немесе 10 жылға дейін айырылып қалады. 

Жол көлік оқиғасы болған жерден ізін суытқан жүргізушіні жол қауіпсіздігі басқармасы бір жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырады. Егер жаяу жүргіншілер жолымен немесе жол жиегімен жүріп, жол жүру қауіпсіздігі тәртібін бұзған жүргізушілерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 3 тәулік әкімшілік қамауға алынады. 

Бұған дейін Tengrinews.kz жол жүру ережелерін бұзған жүргізушілерге айыппұл көлемі артатындығын хабарлаған болатын. 

 

 

 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай