07 наурыз 2017 15:34

31 арнада әйелдерге арналған жаңа шоу! 

ПОДЕЛИТЬСЯ

31 наурыздан бастап 31 арна өзінің нәзік жанды көрермендеріне арнап "Все только начинается" деп аталатын жаңа шоуды ұсынатын. Өмірдің әртүрлі саласының мамандары 31 арнаның эфирі арқылы әйелдер қауымының көкейінде жүрген барлық сұрақтарға жауап береді. Ал 4 наурыз күні, яғни 8 наурыз қарсаңында 31 арна өзінің телекөрермендеріне сый жасады. Олар Алматыда өткен арнайы кездесу барысында сарапшылармен бетпе-бет жүзесіп, сұрақтарын қойды.

Шоудың жүргізушісі Адель Оразалиновамен бірге жайлы жерде емін-еркін, бір шыныаяқ кофе ішіп отырып, телекөрермендеріміз өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға жауап алды.  Кездесуге дұрыс тамақтану, фитнес, бала саулығы, әйел психологиясы, нумерология саласының мамандары мен арнайы қонағымыз әнші, жас ана Аша Матай келді. 

"Бағдарламаны жасайтын шағын командамыз бар", - дейді Адель Оразалинова. - Әртүрлі саланың мамандары, өз ісінің шеберлері, әйелдер қауымына өзін-өзі тауып, бақытты болуға көмектеседі. Жобаның ең басты ерекшелігі - жүргізушінің көмекшілері Айсұлу Ахимова, Назым Ғаділбек, Аша Матай. Сондай-ақ бізбен бірге кәсіби мамандар жұмыс істейді. Олардың ішінде белгілі визажист Ирина Хабер, стилист Лария Джакамбаева, шоумен Фима Иванов, актер, каскадер және танымал блогер Ерден Телемисов. 

"Бұл еліміздегі ең интерактивті шоу, біз басты әлеуметтік желілердің барлығынан аккаунт аштық", - деп сөзін жалғады Адель. - Сол жерге көрермендеріміз сұрақтар қалдырып, пікір жазып, шоудың жалпы мазмұнын қалыптастыра алады. Біз 31 арнаның тікелей эфирі арқылы, онлайн режимде балаларды өсіреміз, артық салмақтан арыламыз, күлеміз, жылаймыз, спортпен шұғылданамыз, үйді жинаймыз, өзімізді сәндейміз, жан дүниемізді байытамыз, ақыл қосамыз, кез келген уақытта жанды толғандырған сұрақтардың жауабын ала аламыз! 

13 наурыздан бастап дүйсенбі мен бейсенбі аралығында 31 арнада! 

Отыз бірінші арна - таңғалдыратын, шабыт пен мейірім сыйлайтын, қызықты, қауіпсіз, бүкіл отбасына арналған ұлттық ойын-сауық арнасы. Арнаның ұраны - "Отбасымен бірге көрейік!". 

Әлеуметтік желілерге жазылып, бізді оқыңыздар. IOS және Android платформасынан "31 арна" ұялы қосымшасын жүктеңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети